АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨТЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСАДЫ

2026 жылғы 19–20 қараша күндері Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында Дүниежүзілік ғылым күніне арналған іс-шаралар аясында И. Абдраимов атындағы Қырғыз авиациялық институтының ұйымдастыруымен «Қазіргі азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі: тәуекелдер, технологиялар, тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияға «Азаматтық Авиация Академиясы» АҚ өкілдері – Кошеков Абай Қайратұлы мен Қуанов Ерқанат Ерболұлы қатысады.

Академия өкілдерінің конференцияға қатысуы ұшу қауіпсіздігін басқару, авиациялық тәуекелдерді бағалау және басқару, адами фактор, авиация саласын цифрландыру, сондай-ақ жасанды интеллектіні қолдану және ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарындағы заманауи ғылыми-практикалық тәжірибені зерделеуге және алмасуға бағытталған.

Ұшқышсыз авиациялық технологияларды дамыту және оларды заманауи азаматтық авиация жүйесіне интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Аталған бағыттар Академияның ғылыми-зерттеу қызметімен, атап айтқанда, әуе көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған BR28713125 «Қауіпсіздікті арттыру мақсатында ұшқышсыз технологиялар мен ұшу алдындағы бақылауға арналған интеллектуалды робототехникалық жүйені әзірлеу және енгізу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасын іске асырумен тікелей байланысты.

Конференция аясында Академия өкілдері шетелдік мамандардың өзекті тәсілдері мен практикалық шешімдерімен танысып, ғылыми және кәсіби қоғамдастық өкілдерімен тәжірибе алмасады, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.

Алынған білім мен орнатылған кәсіби байланыстарды Академияның ғылыми-зерттеу жұмыстарында, әзірленіп жатқан ұшқышсыз технологиялар мен әуе көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған интеллектуалды робототехникалық жүйелерді жетілдіруде пайдалану жоспарлануда.

Халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысу Академияның ғылыми әлеуетін дамыту, халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту және азаматтық авиация саласына заманауи технологиялық шешімдерді енгізу жолындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы

Ақпаратты таба алмасаңыз, Air Барсқа жүгініңіз