ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСЫМДЫҚТАРДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ

«Психология» секциясы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылауға арналған «Стратегиялық басымдықтардан нақты нәтижелерге» тақырыбында дебат өткізді. Іс-шараға МН-ТУ-26, МН-ЛЭ-26, МН-АТ-26 және МН-ЛГ-26 топтарының 1-курс магистранттары қатысты.

Дебат барысында инфрақұрылымды, логистика мен көлік саласын дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру, патриотизмді нығайту және қоғамдық әдепті қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Қатысушылар Үкімет пен оппозиция ұстанымдарын білдіретін екі командаға бөлінді. Үкімет командасы өзекті мәселелерді атап өтіп, оларды шешу жолдарын ұсынса, оппозиция командасы талқыланған мәселелер бойынша сыни дәлелдер мен балама көзқарастарын білдірді.

Дебат белсенді әрі сындарлы атмосферада өтті. Іс-шара пікір алмасуға, дәлелдеу және сыни ойлау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның стратегиялық басымдықтары мен даму перспективаларын тереңірек түсінуге ықпал етті.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы

Ақпаратты таба алмасаңыз, Air Барсқа жүгініңіз