АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА «ТОЛЫҚ АДАМ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Азаматтық авиация академиясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу мақсатында «Адамзаттың асылы – толық адам: Абай тағылымы және бүгінгі қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны «Авиациялық ағылшын тілі» кафедрасының оқытушылары, «Толық адам» жұмыс тобының мүшелері ұйымдастырды.

Кездесудің құрметті қонағы – филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы ғалым Ноябрь Жанатұлы Кенжеғараев Абайдың «Толық адам» концепциясының философиялық және тәрбиелік мәніне тоқталып, ақын шығармаларындағы адамгершілік, әділеттілік, рақым, ар-ұят, ғылым мен білім құндылықтарын кеңінен түсіндірді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Абай мұрасының бүгінгі қоғамдағы маңызы мен жастардың рухани дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі жөнінде пікір алмасты.

Тағылымды кездесу мазмұнды ой-пікірлер мен еркін пікір алмасуға ұласып, ұлы ақын мұрасының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын тағы бір мәрте айқындады.

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы

Ақпаратты таба алмасаңыз, Air Барсқа жүгініңіз