Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің IQAA-Ranking рейтинг нәтижелері

Біздің ұжымның профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен білім сапасын арттырудағы жемісті еңбегінің нәтижесінде «Азаматтық авиация академиясы» АҚ алғаш рет Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің (БСҚҚА) рейтингінде (IQAA-Ranking) техникалық университеттердің үздік ондығына кіріп, 9-шы орынға ие болды.

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының 2022 жылғы Ұлттық рейтингінің нәтижелері Агенттіктің сайтында (https://iqaa-ranking.kz/) және 2022 жылғы 22 шілдедегі «Казахстанская правда» газетінде жарияланған.

IQAA-Ranking Қазақстанның 2022 жылғы жетекші университеттерінің ұлттық рейтингімен қатар қазақстандық жүзге жуық университеттің екі қосымша рейтингін жариялады: ғылыми жарияланымдар және ақпараттық қамтамасыз ету сапасы бойынша. Профессорлық-оқытушылық құрамы мен университет қызметкерлерінің жарияланым белсенділігін бағалау Web of Science, SCOPUS және РИНЦ сияқты халықаралық дерекқорлар деректеріне негізделген.

Ақпараттық қамтамасыз ету жоғары оқу орындарының веб-сайттарын талдау негізінде есептелді.

Әріптестерімізді рейтингтегі лайықты орынмен құттықтаймыз және оларға одан әрі табысты еңбек және жаңа жетістіктер тілейміз!

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы