«Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «Брейн ринг» интеллектуалды ойыны

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ (бұдан әрі – Академия) тыңдаушыларының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша Кешенді жоспардың іс-шараларын ұйымдастыру шеңберінде А.Т. Махамбетжанова «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушысының жетекшілігімен 2023 жылдың 24 қазанында Академияда 2 курс студенттері (Ле(С)-22.1,3, Ле(Б)-22.1 топтары) арасында «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «Брейн ринг» интеллектуалды ойыны өтті. Ойын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаһандық тенденциялар, қоғамның саяси, экономикалық және басқа да салаларында сыбайлас жемқорлықтың таралуының теориялық аспектілері, құқықтық мәдениет мәселелері, құқықтық тәрбие және жастар арасында имандылыққа тәрбиелеу мәселелері талқыланды.

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы