Құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Азаматтық авиация академиясы» АҚ-да 28.11.2024ж. «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы өтті. Акцияға Түрксіб ауданы қылмыстық-атқару жүйесінің аға инспекторы полиция майоры Г.И. Мусаева, Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы Д. Д. Жанзакова, комплаенс-офицер Б. Е. Тельтаев, сондай-ақ студенттер қатысты. Басты мақсат – белсенді азаматтарды – билік пен қоғам өкілдерін біріктіру, студенттер санасында құқықтық және патриоттық сананы, әлеуметтік белсенділік пен азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша пікір алмасу. Іс-шара барысында жастар арасында туындайтын құқықтық жауапкершілік, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодекстері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ туралы мәліметтер ұсынылды.
Бүгінгі іс-шараның тақырыбы «Тәртіпті өзіңнен баста!». Әр адам өзін - өзі тәртіпке салуы керек, - деді Бауыржан Тельтаев. Комплаенс-офицер студенттік активтің назарына білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа және тиісті мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға байланысты қылмыстардың неғұрлым тән түрлері туралы ақпарат жеткізді.
Диалог алаңында қоғамдық ортада заң мен тәртіпті насихаттау, жастардың құқықтық сауаттылығын, жауапкершілігі мен азаматтық белсенділігін арттыру, қылмыс пен зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары талқыланды.
Сондай-ақ, отырыс барысында сала мамандары студенттер үшін «Жастардың әлеуметтік мәселелері және оларды шешудің нормативтік-құқықтық негіздері» тақырыбында кәсіби-құқықтық кеңестер өткізді.