Сапа мәселелері жөніндегі басшылықтың өкілі

САПАНЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Усенов Малик Амандыкович

e-mail: m.ussenov@agakaz.kz

Кабинет: 222

 

Малик Амандыкович Киев азаматтық авиация инженерлері институтын "ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды пайдалану" мамандығы бойынша бітіріп, "Инженер-механик" біліктілігін алған.

Қазақ экономикалық университетінің экономист дипломы бар.

Еңбек жолын 1994 жылы Маңғышлақ авиакәсіпорнының техникалық бөлімінің инженері ретінде бастаған.

 

Әр жылдары қызмет атқарған:

  • - Маңғышлақ авиакәсіпорнының авиациялық-техникалық базасын техникалық бақылау бөлімінің бастығы;
  • - "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ бас инженері, инженерлік-авиациялық қызмет бастығы, жер үсті құрылыстарын күрделі салу және пайдалану жөніндегі бас директордың орынбасары, өндірістік диспетчерлік қызмет бастығы және әуеайлақ қызметтерінің бастығы;
  • - "ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" РМК ұшу жарамдылығы жөніндегі инспекторлары;
  • - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ұшу жарамдылығы жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторы;
  • - "Казавиаспас" АҚ инженерлік-авиациялық қызметті жоспарлау және ұшу жарамдылығын қолдау бөлімінің бастығы (тікұшақтарды пайдалану: Ми-8Т, Ми-8МТВ-1, Ми-171, Ми-26Т, Ка-32, Eurocopter MBB-BK117 C-2 (EC145);
  • - "Бурундайавиа" АҚ Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу сапасы жүйесі қызметінің басшысы.

2021 жылы "Азаматтық авиация академиясы" АҚ ISO 9001 халықаралық стандарты, Қазақстан Республикасының авиациялық заңнамасы, EASA, ICAO және IATA талаптарына сәйкес менеджмент және сапа жүйесін әзірлеу және енгізу үшін сапа бойынша бас менеджер ретінде қабылданды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

 

© 1995 - 2022 Академия Гражданской Авиации