Оқу-әдістемелік бірлестік

Республикалық оқу-әдістемелік бірлестік құру туралы бұйрық

Оқу-әдістемелік бірлестік туралы ереже

Авиациялық колледж жанындағы оқу-әдістемелік бірлестік

"Азаматтық авиация академиясы" АҚ

0716 автокөлік құралдары, теңіз және әуе кемелері

"авиациялық техника" бейіні бойынша

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 62 бұйрығы негізінде әрекет етеді бейіндері және олардың қызметі туралы ережені бекіту бойынша"

Оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі нысандары

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді дайындау бойынша жұмыс жүргізу;
  2. Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуге (өзектендіруге) және сараптауға қатысу;
  3. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
  4. Оқу құралының білім беру бағдарламаларына, тест тапсырмаларына сараптама жүргізу, рецензиялау;
  5. Әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттесу;
  6. Біліктілікті арттыру және кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
  7. Жұмыс берушілер бірлестіктерімен бірлесіп білім алушылардың білімін, іскерлігін, дағдыларын және құзыреттерінің қалыптасу деңгейін бағалау үшін бағалау құралдарын әзірлеуге қатысу;
  8. ТжКБ саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау бойынша ҚР БҒМ жұмыс топтарына қатысу;
  9. Білім беру оқу бағдарламаларының ақпараттық деректер банкін құру, мамандарды даярлау сапасының мониторингін ұйымдастыру.
  10. Жастар мен жұмыспен қамтылмаған халық арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Авиациялық техника" бейіні бойынша ОӘБ құрамына кіретін мамандықтардың коды мен атаулары.

07160800   Жердегі авиациялық радиоэлектрондық жабдықты техникалық пайдалану
07160900   Әуе кемелеріне жерүсті қызмет көрсету
07161000   Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу
07161100   Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе
07161200   Әуе кемелерін пайдалану және ұшу-ақпараттық қамтамасыз ету
10410100   Әуе тасымалын ұйымдастыру

"Talap" КЕАҚ-мен бірлесіп"авиациялық техника" бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары

© 1995 - 2024 Азаматтық Авиация Академиясы