АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Азаматтық Авиация Академиясында «Қазақ тілі сабақтарында студенттердің тілдік дағдыларын арттыруға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдер мен цифрлық білім беру трансформациясы аясында жасанды интеллект құралдарын қолданудың мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тілі сабақтарында цифрлық трансформация үдерісіне сәйкестендірілген жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын тиімді енгізу және білім сапасын арттыруға бағытталған заманауи оқыту құралдарын пайдалану болды.

Іс-шара барысында білім беру үдерісіндегі жасанды интеллектінің рөлі, қазақ тілі сабақтарында қолдануға болатын ChatGPT, Google Gemini, Copilot, Quizlet AI, Kahoot AI сынды платформалардың мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ, дербестендірілген оқыту, грамматикалық қатені автоматты түзету, тапсырма генерациялау, айтылым, оқылым, жазылым және тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған AI құралдарының тиімділігі көрсетілді. 

Фото 1
Фото 2

Қатысушыларға геймификацияланған оқыту әдістері, ЖИ арқылы жасалған «Сиқырлы кітапхана», «Принтер», «Қалаған есікті таңда», «Қазына аралы», «Жедел жауап», «Әуе шайқасы» сынды интерактивті әдістер ұсынылды. Семинарда бейнематериалдар көрсетіліп, «Еркін микрофон» форматында пікірталас ұйымдастырылды.

Іс-шара жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне тиімді енгізудің маңыздылығын айқындап, қазақ тілін оқытудағы инновациялық тәсілдерді дамытуға мол мүмкіндік берді.

Фото 1
Фото 1
Фото 1
Фото 1
Фото 1

© 1995 - 2026 Азаматтық Авиация Академиясы