Лауазымы |
Ставка саны |
Пән атауы |
Сениор-лектор |
0,25 |
Өндірістік-техникалық қызмет көрсету. Материалдар мен компоненттер. ӘК ұшуын қамтамасыз етуді дамыту перспективалары. |
Лауазымы |
Ставка саны |
Пән атауы |
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор |
1 |
Еуропалық стандарттарды ескере отырып, әуе кемелерін пайдаланудың заманауи ғылыми мәселелері. Беріктік шарттары бойынша ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ету. ӘК авиациялық конструкцияларының пайдалану өміршеңдігі қағидаттарын іске асыру |
*Конкурс өткізу кезінде үміткерлерге артықшылық беріледі:
1) IELTS деңгейіне 5,5-тен төмен емес ағылшын тілін меңгеру деңгейінің сертификаты;
2) авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі
1. Өтініш 1 қосымшаға сәйкес;
2. Түйіндеме 2-қосымшаға сәйкес;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
3. Өмірбаян (еркін түрде);
4. Жеке куәліктің көшірмесі;
5. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері. Шет тіліндегі дипломдар үшін мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аударманың қосымшасы міндетті болып табылады;
6. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары (соңғы 5 жылда);
7. Ғылыми жарияланымдардың, жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы бес жыл ішінде растайтын құжаттар мен бедерлер қоса берілген);
8. Кафедраны даярлау бағыты шеңберінде (еркін нысанда) оқытылатын пәндердің (модульдердің) әзірленген курстары туралы ақпарат (соңғы бес жыл ішінде);
9. Үміткер басшы немесе орындаушы (бар болса) болған ғылыми гранттар туралы анықтама (соңғы бес жылда);
10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
11. Конкурсқа қатысушының наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрмағаны туралы ХҚКО анықтамасы.
12. Медициналық анықтама № 086/е нысан бойынша.
«Азаматтық авиация академиясы» АҚ-да жұмыс істейтін үміткерлер 5, 10, 11, 12-тармақтар бойынша құжаттарды ұсынудан босатылады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін кафедралар бойынша үміткерлердің тізімі жасалады және конкурстық комиссияның қарау кестесі жасалады.
Үміткер (Академияның ПОҚ қатарынан үміткерлерді қоспағанда) өзі оқытатын пәннің (дәрістің және/немесе практикалық сабақтың үзіндісі) тұсаукесерін өткізеді.
Өтініш пен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 17 ақпанынан 2025 жылғы 02 наурызына дейін электрондық мекенжайы бойынша жүргізіледі: hr@agakaz.kz 2025 жылғы 02 наурызы сағат 23.59-дан кешіктірмей.
«Азаматтық авиация академиясы» АҚ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу орны.
Алматы қаласы, Закарпатская көшесі, 44.