«Азаматтық авиация академия» АҚ 2025-2026 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Лауазымы Ставка саны Пән атауы
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор 1 Авиациялық техника және технологиялар, радиотехника, электроника және коммуникациялар бағыты бойынша бейіндік пәндер
Сениор-лектор 2 Авиациялық техника және технологиялар бағыты бойынша бейіндеуші пәндер
Лауазымы Ставка саны Пән атауы
Кафедра меңгерушісі 1
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор 1 Орыс тілі
Сениор-лектор 1 Орыс тілі
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор 2 Ағылшын тілі
Сениор-лектор 1 Ағылшын тілі
Лауазымы Ставка саны Пән атауы
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор 1 1. Магистрлік диссертацияларға жетекшілік ету
2. "Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуды пайдалану" білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік пәндер
Нұсқаушы-оқытушы 8 ATPL пәндерін оқыту мүмкіндігі бар ұшақ ұшқышы
Лауазымы Ставка саны Пән атауы
Кафедра меңгерушісі 1
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор 1 "Авиациялық тасымалдарды ұйымдастыру" ББ бойынша бейіндік пәндер
Сениор-лектор 1 "Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" ББ бойынша бейіндік пәндер
Сениор-лектор 0,5 "Авиациялық тасымалдарды ұйымдастыру" ББ бойынша бейіндік пәндер
Лауазымы Ставка саны Пән атауы
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор 1 Инженерлік компьютерлік графика
Сениор-лектор 2 Инженерлік компьютерлік графика
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор 1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Сениор-лектор 1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор 1 Математика
Сениор-лектор 1 Математика
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор 1 Физика
Сениор-лектор 1 Физика
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор 1 Қазақстан Тарихы
Сениор-лектор 1 Қазақстан Тарихы
Профессор / ААА профессор / ассоциалды профессор / ААА ассоциалды професор / Ассистент-профессор 1 Саясаттану
Сениор-лектор 1 Психология
Сениор-лектор 1 Философия
Сениор-лектор 1 Әлеуметтану
Сениор-лектор 2 Дене шынықтыру

Конкурс өткізу кезінде үміткерлерге артықшылық беріледі:

  • 1. IELTS деңгейіне 5,5-тен төмен емес ағылшын тілін меңгеру деңгейінің сертификаты.
  • 2. Авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі.
  • 3. Кафедра меңгерушісі лауазымына құжаттарды тапсыру кезінде кафедраны дамыту жөніндегі пайымды (жоспарды) қоса беру қажет.

Құжаттарды қабылдау Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 20 маусымына дейін мекенжайы:
Ахметова 44, ADM 16 кабинет (HR департаменті) және/немесе электрондық мекенжайы бойынша жүргізіледі: hr@agakaz.kz 2025 жылғы 20 маусымында сағат 23.59-дан кешіктірмей.

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу орны:
Алматы қаласы, Ахметова көшесі, 44.


1. Өтініш 1 қосымшаға сәйкес.

2. Түйіндеме 2-қосымшаға сәйкес.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

3. Өмірбаян (еркін түрде).

4. Жеке куәліктің көшірмесі.

5. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері. Шет тіліндегі дипломдар үшін мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аударманың қосымшасы міндетті болып табылады.

6. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары (соңғы 5 жылда).

7. Ғылыми жарияланымдардың, жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы бес жыл ішінде растайтын құжаттар мен бедерлер қоса берілген).

8. Кафедраны даярлау бағыты шеңберінде (еркін нысанда) оқытылатын пәндердің (модульдердің) әзірленген курстары туралы ақпарат (соңғы бес жыл ішінде).

9. Үміткер басшы немесе орындаушы (бар болса) болған ғылыми гранттар туралы анықтама (соңғы бес жылда).

10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

11. Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

12. Конкурсқа қатысушының наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарда есепте тұрмағаны туралы ХҚКО анықтамасы.

13. Медициналық анықтама № 086/е нысан бойынша.

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ-да жұмыс істейтін үміткерлер 5, 10, 11, 12-тармақтар бойынша құжаттарды ұсынудан босатылады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін кафедралар бойынша үміткерлердің тізімі жасалады және конкурстық комиссияның қарау кестесі жасалады.

Үміткер (Академияның ПОҚ қатарынан үміткерлерді қоспағанда) өзі оқытатын пәннің (дәрістің және/немесе практикалық сабақтың үзіндісі) тұсаукесерін өткізеді.

Өтініш пен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда үміткер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

© 1995 - 2025 Азаматтық Авиация Академиясы